А.Қаймулдиновқа өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айыру және 9 миллион теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды
Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының білім бөлімінің №1 орта мектебінің директоры пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Айта кетерлігі, Батыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін «БҚО Теректі ауданының білім бөлімінің №1 Подстепнов орта мектебі» мемлекеттік мекемесіне әлеуметтік педагог-психолог ретінде жұмысқа орналастыру үшін азаматтан 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен аталған мектеп директоры А.А.Қаймулдиновқа қатысты тергеуді аяқтаған болатын.
«Биыл 29 қарашада Теректі аудандық сотының үкімімен А.А.Қаймулдинов пара алғаны үшін айыпты болып танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан айырумен қатар, оған 9 миллион теңге айыппұл төлеу жазасы тағайындалды», - делінген хабарламада.
Ал 2 ай бұрын бұл іс бойынша сот нефролог-дәрігерді жазықсыз деп тапқан еді
Бәйтерек ауданы аумағындағы вахталық қалашықта бүгін таңғы сағат 05.46-да 13 вагон отқа оранған
№15 мектеп-гимназияның оқушыларға арналған әжетханасы далада орналасқандықтан, онда мұғалімдер арнайы кесте бойынша кезекшілік етуге міндеттелген екен
Жақында «Азаттық рухы» порталы пойызда күйіп қалған балаға көмек көрсетпеген қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалғаны жайлы ақпарат жариялаған еді
Сегіз сағат тергеуде болған азамат желіде тарап кеткен ақпараттан кейін жақындарын сендіре алмай жүр екен