Атырауда итті көлігімен сүйреген тұрғын ұсталды

Ол 30 тәулікке қамауға алынуы мүмкін

Атырауда итті көлігімен сүйреген тұрғын ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Атырауда итті көлігіне байлап, орталық көшеде сүйреген тұрғын анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде кең тараған видеода Lada 21-10 автокөлігі Азаттық көшесі бойымен итті тірідей сүйреп бара жатқаны анық көрініп тұр. Айуандық жасаған азаматты, артындағы көлік қуып жетіп ескерту жасайды. Көп кешікпей полиция тұрғынды анықтады. Ол Атыраудың 57 жастағы тұрғыны болып шықты.

«Аталған факт бойынша автокөлік жүргізушісі анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 316-бабы бойынша , яғни жануарларға  қатігездік жасау  бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмысы дәлденіп жатса, иттігімен көзге түскен азамат 120 айлық есептік көрсеткіш түрінде айыппұл төлейді, не 120 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады немесе 30 тәулікке қамауға алынуы мүмкін», - дейді Атырау қаласы Полиция басқармасының бастығы Руслан Сәдіров.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.