$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.01.2021, 11:14
Оқиғалар

Түркістан облысында жоғалған жасөспірім қыз Шымкенттен табылды

Анасымен ренжісіп қалған 11-сынып оқушысы үйінен шығып кетіп, оралмаған

 

Түркістан облысында жоғалған жасөспірім қыз Шымкенттен табылды

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірім қызды Шымкент қаласынан тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шардара АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, ұшты-күйлі жоғалған қызын тауып беруге көмек беруін сұраған. Анасының айтуынша, түнгі уақытта 11-сынып оқитын қызы екеуі арасында түсінбеушілік болып, ренжіген қызы сыртқа шығып кеткен. Ашуы басылған соң кіреді деген үмітпен отырған, алайда, қыз сол күйі жоқ болған. Ата-анасы жасөспірімді өздері 2 күн бойы іздеп таба алмаған. Өз бетінше іздеуден нәтиже шықпағаннан кейін полицейлерге хабарлайды.

Ақпарат алысымен Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері бірден кәмелет жасына толмаған қызды іздеуге кіріскен. Оның баруы мүмкін адамдардан, хабарласуы мүмкін дос-құрбыларынан жауап алады. Туыстарынан сұрастырады. Жоғалған қызды табуға қажетті барлық шараларды іске асырады. Соның нәтижесінде қыз Шымкент қаласындағы көшелердің бірінен табылып, Шардара қаласына жеткізіліп, ата-анасына тапсырылды.

«Тексеру барысында анықталғандай анасына ренжіген жасөспірім қыз бірінші күні Шардара қаласындағы құрбысының үйіне қонған. Ал екінші күні Шымкент қаласындағы туысының үйінде болған», - делінген хабарламада.

Қызының дін-аман табылғанына қуанған анасы полицейлерге алғысын білдірді.  

 

Серіктес жаңалықтары