06.01.2021, 09:41
Оқиғалар
Қызылорда облысында киік атқандар ұсталды
Автокөліктің жүксалғышынан бір қоян мен екі дана 12 калибрлі аңшы мылтығы да табылды
Қызылорда облысында киік ату дерегі анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс шарасы барысында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің қызметкерлері түнгі сағат 03:20 шамасында Төретам кентінен «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» тас жолына шығатын жолда «Лада Ларгус» маркалы күдікті автокөлікті тоқтатқан.
Тексеру барысында автокөліктің жүксалғышында төрт бас киіктің еті бар екені анықталды. Бұдан бөлек, жүксалғыштан бір дана қоян, екі дана 12 калибрлі аңшы мылтығы мен оның оқ-дәрілері айғақ зат ретінде алынды.
Көп оқылған
25.11.2026, 07:39
Елордада жел 28 м/с-қа дейін күшейеді: үш күнде ауа райы қалай өзгереді
25.11.2026, 15:22
«Хейттің тоқтайтын түрі жоқ»: Астанадағы самса цехының басшысы кінәсін мойындап, кешірім сұрады
25.11.2026, 10:11
Төрағасы – Смайылов: Тоқаев «Халықтық құрылыстың» қаражатын бақылайтын комиссияның құрамын бекітті
25.11.2026, 09:15
Голан жоталарындағы қызмет: Қазақстаннан барған жеті әйелдің біреуі Бейруттағы жарылыстан жараланғандарды емдеген
