ШұғылЕлімізде өткен тәулікте 855 адамнан коронавирус анықталды

СҚО-да мереке күндері 23 өрт тіркелді

Мереке күндері полиция қызметкерлеріне 1600 шақырту түскен

Фото: kaztag.kz

Солтүстік Қазақстан облысында мереке күндері 23 өрт болып, бір адамның өмірі қиылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Тимирязево ауылында болған. От ер адам ұйықтап қалғанда шыққан. Ал Петропавлда тура Жаңа жылдың алдында тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен отқа оранды. Құтқарушылар 125 адамды шұғыл түрде далаға шығарып, автобустарға жайғастырған. Зардап шеккендер жоқ. Қазір оқиғаның нақты себеп-салдары анықталып жатыр. Жалпы мереке күндері полиция қызметкерлеріне 1600 шақырту түскен.

«Қазіргі таңда бұл электротехникалықпен байланысты. Енді өрттің нақты неден шыққаны қазір анықталуда. Және осы материалдық шығын немесе жаңағы өрттің себебі анықталуда», - дейді облыстық ТЖД бастығының орынбасары Орал Әбдірахманов.