05.01.2021, 21:50
Оқиғалар
Ақтөбеде тұрғын үй өртеніп, бір адам қаза тапты
Тағы екі адам ауруханаға жеткізілді
Фото: баспасөз қызметінен
Ақтөбеде екі қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 36 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ақтөбе қаласында тұрғын үй өртенді. Оқиға орнынан 48 жастағы әйел және 61 жастағы ер адам медицина ауруханаға жеткізілді. Болжам бойынша олар газдан уланған», - деп жазылған хабарламада.
Сондай-ақ өртенген үй ішінен 1984 жылғы ер адамның мүрдесі табылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Көп оқылған
28.09.2026, 17:24
«Жиналысты азайтамыз»: су жаңа Қорғаныс министрі жаңа қызметте бірінші кеңесін өткізді
28.09.2026, 12:40
«Қаралы күн, біз үшін өліп пе?»: сарбаздардың рухына тіл тигізген ер адам қамауға алынды (ВИДЕО)
28.09.2026, 12:21
Жеті күн ішінде қаржы есебі, он күнде арнайы жоспары дайын болу керек: Қарин әскердегі реформа туралы нақты даталарды атады
28.09.2026, 15:35
Қазақстан аумағында бір күнде үш мәрте жер сілкінді