$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2021, 11:32
Оқиғалар

Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Жанар Толыбаева колониядан босатылды

Сотталушының жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылды

Денис Теннің өліміне қатысты сотталған Жанар Толыбаева колониядан босатылды
Фото: Жанар Толыбаева сот залында

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімі бойынша қылмыстық іске қатысы бар сотталушы бостандыққа шықты. Жанар Толыбаеваның жазасының өтелмеген бөлігі бас бостандығын шектеуге ауыстырылды. Бұл туралы Қазақстан Жоғарғы соты аппараты Tengrinews.kz жолдаған ресми сауалға берген жауабында айтқан.

Сотталушы Жанар Толыбаеваның қаңтарда Қылмыстық кодекстің 73-бабы негізінде жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру туралы өтініш бергені белгілі болды.

«Алматы облысы Іле аудандық сотының 2020 жылғы 6 қаңтардағы қаулысы бойынша бұл өтініш қанағаттандырылды. Жазаны өтеуді бақылау процесі пробация қызметіне жүктелді», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2018 жылдың 19 шілдесінде мәнерлеп сырғанаушы, Сочи олимпиадасының қола жүлдегері Денис Тенді көлік ұрылары пышақтап кеткен еді. Көп қан жоғалтқан спортшы сол күні ауруханада көз жұмды. Теннің өліміне қатысы бар деген күдікпен үш азамат ұсталған. Олардың екеуі - Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 18 жылға, Жанар Толыбаева төрт жылға бас бостандығынан айырылды.

2019 жылдың 6 наурызында Алматы колониясында жазасын өтеп жатқан Жанар Толыбаева екінші баласын дүниеге әкелді.

Серіктес жаңалықтары