Тараз қаласының екі тұрғыны рейдерлік әрекеті үшін сотталды
Айыпталушылар 3 жылға шартты түрде сотталды
Қаржы мониторингі комитетінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті екі азаматқа қатысты заңды тұлғаға заңсыз бақылау орнату (рейдерлік) фактісі бойынша қылмыстық істі тергеді.
Тергеу барысында 2004-2011 жылдар аралығында барлығы үш кәсіпорын – «Тараз ИнКом» ЖШС, «Индустриальный ресурс» ЖШС, «ННП Convergo Nursad» ЖШС құрылып, айыпталушы тарап (3 компаниядағы үлес : 40%, 49%, 50%) пен жәбірленуші тарапқа (3 компаниядағы үлесі: 20%, 51%, 50%) үлес тең бөлінбегені анықталды.
2018-2020 жылдары Тараз қаласында алдын-ала сөз байласа отырып, екі сыбайлас жоғарыда аталған кәсіпорындар бойынша 100% қатысушылардың жалпы жиналысының ресми кворумын жариялай отырып, өздері жиналыстың төрағасы және хатшысы ретінде хаттамаға қол қойған. Тіпті, зардап шеккен тараптың орнына да қол қойған. Осылайша, жәбірленуші тарап кәсіпорындардағы қатысушы үлесінен айырылды.
Тараз қаласының №2 сотының өкімімен айыпталушылар 3 жылға шартты түрде сотталды.