$ 498.55  524.28  4.75
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.01.2021, 12:40
Оқиғалар

ШҚО-да 430 млн теңге салық төлемеген кәсіпкерлер 5 жылға сотталды

Олар жалған шот-фактуралар пайдаланған

ШҚО-да 430 млн теңге салық төлемеген кәсіпкерлер 5 жылға сотталды
Фото: ашық дереккөзден

ШҚО-ның екі тұрғыны салық төлеуден жалтарғаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Аzattyq Rýhy тілшісі.

«Тергеу барысында олар 2017 жылдан бастап жалған кәсіпорындардың жалған шот - фактураларын пайдаланып, салық салынатын ҚҚС айналымын және сатып алынған тауарлар, жұмыстар мен қызметтер бойынша есепке жатқызылған соманы төмендету, декларацияға кірістер мен шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу, салық салу объектілерін жасыру арқылы 430 миллион теңге сомаға салық төлеуден жалтарғаны анықталды», - деп хабарлады ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті.

Сот үкімімен екі сотталушы ҚР Қылмыстық кодексінің 28 бабының 2,3 және 245 бабының 1, 3-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот шешімімен прокурордың мемлекет кірісіне төленбеген салықтар түріндегі 430 миллион теңге сомасындағы материалдық залалды өндіріп алу туралы азаматтық талабы толығымен қанағаттандырылды.

Серіктес жаңалықтары