$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
05.01.2021, 14:22
Оқиғалар

Қытай мен Қазақстан азаматтарынан құралған қылмыстық топқа қатысты сот үкімі шықты

Төрт азамат бас бостандығынан айырылды

Алматыда биологиялық ресурстар контрабандасымен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың ұйымдастырушылары сотталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті Қытай мен Қазақстан азаматтарына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Олар трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында сомасы 470 миллион теңгеден астам артемия салинасы (артемия цистасы) шаяндарының контрабандасын жүзеге асырғаны үшін айыпталған болатын. Олар Қазақстан аумағынан шығаруға тыйым салынған, жалпы салмағы 400 тоннадан асатын биологиялық ресурсты контрабандалық жолмен өткізу кезінде ұсталған.

Алматы қалалық мамандандырылған сотының үкімімен төрт айыпталушы Қылмыстық кодекстің 234-бабының 2-бөлігі, 3-тармағы (экономикалық контрабанда), 264-бабының 1 мен 2-бөлігі (Трансұлттық ұйымдасқан топ, трансұлттық қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу) және 214-бабының 2-бөлігі (Заңсыз кәсiпкерлiк, заңсыз банктік, микроқаржылық немесе коллекторлық қызмет)  бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылдан 10 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Серіктес жаңалықтары