05.01.2021, 16:50
Оқиғалар
БҚО-да заңсыз той өтіп жатқаны туралы хабарлаған 8 адамға ақшалай сыйақы төленді
Сегіз адамның әрқайсына 20 мың теңгеден сыйақы берілді
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев
Батыс Қазақстан облысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамағаны үшін 1 желтоқсаннан бастап 5,7 миллион теңгеден астам сомаға жүзге жуық хаттама толтырылған. Бұл туралы «Мой город» порталы хабарлайды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, соңғы бір апта ішінде – 29 желтоқсан мен 5 қаңтар аралығында 708,39 мың теңгеге 15 хаттама толтырылған.
Бұдан бөлек, облыстық комиссия бірауыздан сегіз азаматты ынталандыру туралы шешім қабылдады. Олар банкет, үйлену тойы мен басқа да мерекелік шараларды заңсыз өткізуге қатысты 10 факт жайлы хабарлаған. Сегіз адамның әрқайсына 20 мың теңгеден сыйақы берілді.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді
12.11.2026, 08:19
«Құлағының бір бөлігін кесіп тастаған»: ШҚО тұрғыны бұрынғы күйеуіне шыққан сот үкіміне наразы