$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.12.2020, 16:12
Оқиғалар

СҚО-да элеватордан 170 млн теңге ұрлаған күдіктілердің бірі ұсталды

Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторында жатыр

СҚО-да элеватордан 170 млн теңге ұрлаған күдіктілердің бірі ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Өткен жылдың қараша айында Солтүстік Қазақстан облысына қарасты Ақжар ауданында орналасқан «Талшық астық LTD» серіктестігіне қарақшылық шабуыл жасалған болатын. Аңшы мылтығына ұқсас қару асынған төрт күдікті элеватор басшысын қорқытып, 170 миллион теңгеден астам қаржы мен екі ұялы телефонды алып кеткен. Бір жылдан артық уақыт бойы іздестірілген күдіктілердің бірі қолға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен жылдың қараша айынан бері қылмыстық іздестіру жұмыстары тоқтатылмаған. 10 желтоқсанда СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасы қызметкерлерінің астанаға қызметтік іссапары барысында күдіктілердің біреуі, Көкшетау қаласының 33 жастағы тұрғыны ұсталды. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторында жатыр. Бұл шабуыл жасаған топтағы екінші күдікті, біріншісі қаңтарда қолға түскен болатын. Полицейлер қалғандарының жүрген жерлерін анықтау бойынша жұмыс атқаруда.

«Қылмыскерлерді іздеу – криминалдық полиция бөліністері жұмыстарының маңызды бағыттарының бірі. Кейде сот төрелігінен қашып жүрген тұлғаларды іздеуге көп уақыт кетеді. СҚО-да жыл басынан  47 қылмыскерге іздеу жарияланды. Бүгінгі күні оның 35-і ұсталды, оның ішінде үшеуі қарақшылық шабуыл, екеуі өзгеге ауыр дене жарақаттарын келтіргені, біреуі тонау, тағы біреуі есірткі қылмысын жасағаны үшін айыпталған. ТМД елдерінің құқық қорғау органдары үшін облыс полицейлері 20 қылмыскердің жүрген жерлерін анықтап берді. Қазақстан Республикасынан тыс жерде қылмыс жасады деген күдікпен төрт солтүстікқазақстандық анықталды. Олар заң алдында жауап береді», - дейді СҚО Полиция департаменті КПБ бастығы полиция полковнигі Пётр Климов.

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#СҚО #қылмыс #ұрлық