$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.11.2019, 21:29
Оқиғалар

Қызылорда аялдамасындағы жол апаты: ауруханадағы 2 адамның жағдайы өте ауыр

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы науқастарға процедуралардың барлығы жүргізіліп жатқанын айтты

Қызылорда аялдамасындағы жол апаты: ауруханадағы 2 адамның жағдайы өте ауыр

Бүгін таңертең Қызылорда қаласындағы аялдамалардың бірінде болған жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған науқастардың жағдайы белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

«Оқиға орнынан 2 адам жедел жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер 10 жас шамасындағы баланы облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызды. Ал 31 жастағы әйел қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Екеуінің де жағдайы өте ауыр. Оларға процедуралардың барлығы жүргізіліп жатыр», - деді басқарманың бас маманы Айбек Мырзағұлов.  

Естеріңізге сала кетелік, жол апаты бүгін 21 қараша күні таңертең сағат 09.15 шамасында Қызылорда қаласының Назарбаев даңғылы бойында Toyota Camry маркалы автокөлік алдымен Mercedes-Benz көлігіне соқтығысып, кейін жоғары жылдамдықпен аялдамадағы адамдарды басып кеткен болатын.  

«Үш адам оқиға орнында көз жұмып, 2 адам емханаға жеткізілді. Кінәлі автокөліктің жүргізушісі оқиға орнында анықталып, уақытша ұстау орталығына қамалды. Сараптамалар тағайындалды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде», - деді облыстық полиция департаментінен.

Серіктес жаңалықтары