ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 1430 адамнан коронавирус анықталды

Түркістанда лаңкестік ұйымға үгіттеп жүрген жиһадшы ұсталды

Арнайы жасақ 39 жастағы жиһадшыны көшеде велосипедпен кетіп бара жатқан жерінен тұтқындаған

Кадр видеодан алынды

Түркістан қаласында «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымына мүше болуға ашық шақырып жүрген тұрғын ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап.

Арнайы жасақ 39 жастағы жиһадшыны көшеде велосипедпен кетіп бара жатқан жерінен тұтқындаған.

Темір Стамбеков Ұлттық қауіпсіздік комитетінің назарына жазда іліккен. Мешітке барған ол, имамдарға ілімдерінің «жаңсақ» екенін айтып салғыласып, жамағат арасында бірнеше мәрте бүлік салыпты. Өзі әйелі мен кәмелетке толмаған төрт баласын ұрып-соғып, «салафизмді» үйретіпті.

Үйін сатуға қойып, Сирияға жиһадқа аттанбақ боп жүр екен. Алайда, зорлық-зомбылықпен жәннатқа кіргісі кеп жүрген жиһадшы темір тордан бір-ақ шықты. Енді лаңкестікті насихаттау бабымен 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ал әбден шошынып қалған оның отбасымен психологтар мен теологтар жұмыс істеп жатыр.