$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.11.2019, 20:11
Оқиғалар

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Тараз қаласының әкімі қызметінен босады

Тараз қаласы әкімінің міндетін уақытша атқару Тараз қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Керімбекұлы Жанбосыновқа жүктелді

Тоқаевтың тапсырмасынан кейін Тараз қаласының әкімі қызметінен босады

«Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Тараз қаласындағы мектепте орын алған оқыс оқиғаға байланысты және өзіне жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Тараз қаласының әкімі Қайрат Әскербекұлы Досаев 2019 жылғы 21 қарашадан атқарып отырған лауазымынан босатылды», - деп хабарлайды Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрадин Рақай.

Оқи отырыңыз: Тоқаев қала әкімін қызметінен босатуды тапсырды

Қайрат Досаев Тараз қаласы әкімі болып 2019 жылдың 24 сәуірінде тағайындалды. 1965 жылы дүниеге келген. Жоғары білімі бар.

1987 жылы Қазақ ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик, 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін экономист мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1987 жылы «Казсельхозмеханизация» ғылыми-өндірістік бірлестігінің инженері қызметінен бастаған.

1994-1996 жылдары «Алтын диірмен» АҚ инженері, «Дешт» ЖШС директоры болып жұмыс істеген.

1998-2001 жылдары Қазақстанның төтенше жағдайлар агенттігі төрағасының көмекшісі, 2001-2007 жылдары Алматы облысы әкімінің көмекшісі, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары, Қаратал ауданының әкімі, Алматы облысының табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау басқармасының басшысы, тарифтер жөніндегі басқарма басшысы, Қазақстан Төтенше жағдайлар министрінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2007-2011 жылдары коммерциялық ұйымдарда еңбек етті.

2011-2014 жылдары «Қазспортинвест» АҚ вице-президенті қызметін атқарған.

2014-2017 жылдар аралығында Қордай ауданы әкімі қызметінде болды.

2017 жылдың наурызынан бастап, Шу ауданы әкімі болған

Серіктес жаңалықтары