ШұғылCOVID-19: Қазақстанда 14 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Есірткіні билбордпен жарнамалаған компанияға айыппұл салынды

Алматыда есірткі жарнамасын билбордқа орнатқан компания 750 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды

Алматыда есірткі жарнамасын билбордқа орнатқан компания 750 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қалалық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасынан хабарлағандай, «Наружная реклама» ЖШС өкілі ҚР ӘқбК 423-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бап бойынша заңды тұлғаларға 300 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

«Сонымен қатар, жарнамаға тапсырыс берген тұлға анықталды. Ол Қарағанды қаласының тумасы болып шықты. Бұл ақпарат Қарағанды облысындағы әріптестерімізге тапсырылды. Күдікті Қазақстанның 4 облысында, Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Өскемен қалаларында билбордтарға тапсырыс берген. Қазір Алматыдағы екі билборд алынды», - деді қалалық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Әлмағамбетов.

Айта кету керек, бүгін әлеуметтік желіде тұрғындар есірткі саудасы жарнамаланған баннерлерге наразылық білдірген болатын.

Алматы әкімдігі бұл баннерлердің қалай пайда болғанын түсіндірді.