$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.11.2019, 21:22
Оқиғалар

Гонконгтағы қақтығыста Қазақстан азаматы ұсталды

18 қараша күні қақтығыс кезінде шерушілермен бірге Қазақстан азаматы, Гонконг Баптист университетінің 1-ші курс студенті Нүкпи Әбілқайыр да ұсталған

Гонконгтағы қақтығыста Қазақстан азаматы ұсталды

Гонконг қаласында наразылар мен полиция арасындағы қақтығыс кезінде Қазақстан азаматы ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Гонконг қаласы полициясының қазақстандық дипломаттарға ұсынған ақпаратына сәйкес, 18 қараша күні наразылық танытушылармен қақтығыс барысында Қазақстан азаматы, Гонконг Баптист университетінің бірінші курс студенті Нүкпи Әбілқайыр ұсталған. Консул азаматымызға барды, оның денсаулық жай-күйі тұрақты, оң қолының шынтағында ұстау кезінде құлағат сәтте алған аздаған жарақаты бар. Ұсталу жағдайына ешқандай шағымы жоқ», - делінген ведомство хабарламасында.

Бүгін студенттің ісіне қатысты алдын ала тыңдау өткен. Қазіргі уақытта Қазақстанның бас консулы осы істі айрықша өз бақылауына алып отыр. Дипломаттарымыз да Қазақстан азаматының құқықтарының сақталуын қадалағап отырады.

«Дегенмен, дипломаттар қылмыстық істер жөніндегі адвокат іздеп жатыр. Атап өтерлігі, соңғы уақытта Гонконгта 4 мыңнан астам адам ұсталды және осыған байланысты адвокаттардың жетіспеушілігі байқалады,», - деді министрліктен.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Гонконгтегі Бас консулдығы Гонконгтағы (ҚХР) жағдайдың ушығуына және жаппай наразылық акцияларының жалғасуына байланысты сол елде жүрген азаматтарымызға қалада қалыптасқан төтенше жағдайды ескеруді, тіпті ҚР Сыртқы істер министрлігі осы елдегі қазақстандық студенттердің елге оралуын өтінген болатын.

Айта кетерлігі, осы уақытқа дейін Гонконгтағы қарсылық шеруі кезінде ҚР Сыртқы істер министрлігіне Қазақстанның екі азаматы жүгінгені белгілі.

Серіктес жаңалықтары