Шиелі ауданында 17 жастағы жасөспірімді электр тоғы ұрып қайтыс болды
Оқиға жеке тұрғын үйде суға шомылу кезінде болған
Шиелі ауданында 17 жастағы жасөспірімді электр тоғы ұрып, оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қызылорда облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2020 жылдың 20 қарашасында сағат 01:50-де Қызылорда облысы ТЖД Дағдарыс жағдайында басқару басқармасына сағат 23:12-де Шиелі ауданы Н.Бекежанов атындағы елдімекенде жеке тұрғын үйде суға шомылу кезінде абайсызда жылытқышқа құлап, электр тогына тартылып, 2003 жылы туылған Т.Н. оқиға орнында қайтыс болғаны туралы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына Төтенше жағдайлар бөлімінен 1 қызметкер, аудандық полиция бөлімінен 10 қызметкер және медициналық жедел жәрдем бригадасы барды.
Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды, балалар мен жасөспірімдерді қараусыз қалдырмауды, тұрмыста қырағы және сақ болуды ескертеді.