Алматыда 10 адам өлтірген қылмыскер өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқа билердің қатысуымен Қылмыстық кодекстің 96-бабы 2-бөлігі, «а, ж,с» тармақтарымен (пайдакүнемдік ниетпен, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған, екі немесе одан көп адамды өлтіру) (1997 ж. редакция) және 385-баптың 3-бөлігімен сотқа берілген С.-ға қатысты қылмыстық іс аяқталды.
Соттың 15.07.2013 жылғы үкімімен бұрын 8 адамды өлтіргені үшін С.-ты соттап, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
С. жазасын «Қара бүркіт» қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде өтеген уақытта, С.-тың тағы екі жазықсыз әйелді өлтіруге қатысуы келесі жағдайларда анықталды.
2001 жылдың күзінде С. жәбірленушілер Б. мен К.-ға олардың пәтерлерін иемдену мақсатында сенім білдірді. 2001 жылдың қазан айында ол өзіне және Б.-ға сенім артқан азаматтарды жалға алған үйге шақырып, онда ол басқа адамдармен бірге оларды өлтірген. Кейіннен, С. және басқа адамдар меншік құқығының құжаттарын иемденіп, жалған сенімхаттар арқылы пәтерлерді сатқан.
Алқабилердің шешімімен бірауыздан С.-ты Қылмыстық кодекстің 96-бабы, 2-бөлігі, «а, ж, з» тармақтарымен кінәлі деп танылып, оған қайтадан өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.