$ 510.19  582.79  6.46
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.11.2020, 12:03
Оқиғалар

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендерінің бірінен жезөкше ұстайтын притон анықталды

Полицейлер интимдік қызмет көрсететін 4 жеңгетай мен 36 жезөкшені ұстады

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендерінің бірінен жезөкше ұстайтын притон анықталды
Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда тұрғын үй кешендерінің бірінен жезөкшелікпен айналысуға арналған притон анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Елорда аумағында адам саудасымен байланысты қылмыстарды анықтауға, ашуға, жолын кесуге және алдын алуға бағытталған «STOP трафик» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. ЖАІШ барысында полицейлер интимдік қызмет көрсететін 4 жеңгетай мен 36 жезөкшені ұстады. 

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 450-бабы бойынша («Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) 6 әкімшілік хаттама, ӘҚБтК-нің 499-бабы бойынша (қоғамдық орындарда тиісу) қоғамдық орындарда тиісу) 8 әкімшілік хаттама толтырылды. 

Осылайша, полицейлер өткізілген ЖАІШ аясында екі әйелді ұстаған. Олардың бірі бұған дейін ұрлық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылған. 30 мың теңге сыйақыға олар тұтынушыны интимдік қызмет көрсететін қызбен жолықтырған. 

Аталған факт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 309-бабы 2-бөлігі бойынша (жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау) тіркелген. 

Сонымен қатар тексеріс барысында жеңгетайлықпен, жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастыру немесе оларды ұстаумен айналысатын 23 жасар елорда тұрғыны ұсталды. Ол 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақыға интимдік қызмет көрсететін қыздармен тұтынушыларды жолықтырған.

Серіктес жаңалықтары