$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2020, 10:51
Оқиғалар

Алматы облысында браконьерден 100 келі балық тәркіленді

Ол жыл бойы тыйым салынған жерде балық аулаған

Алматы облысында браконьерден 100 келі балық тәркіленді
Фото: polisia.kz

Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз балық аулаумен айналысқан күдікті ұсталып, одан 100 келі балық пен 100 метрлік ау тәркіленді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Еңбекшіқазақ ауданында табиғатты қорғау полициясы инспекторы Қапшағай балық инспекциясының қызметкерлерімен бірге Сарыбұлақ ауылының 38 жастағы тұрғынын ұстады.

Ол жыл бойы аудың көмегімен Іле-Қапшағай су қоймасында (балық аулауға тыйым салынған) заңсыз балық аулаумен айналысқан. Тәртіп сақшылары күдіктіден 100 келі жыланбас балық, сазан, ақ амур, дөңмаңдай және көксерке сияқты балықтарды тәркіледі. Аталған дерек балық ресурстарын заңсыз өндіргені үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді. Тәркіленген балық мемлекеттік қабылдау пунктіне тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары