$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2020, 11:33
Оқиғалар

Атыраулық азамат әлеуметтік желідегі жазбасы үшін сотталды

Оған 55 560 теңге көлемінде айыппұл салынды

Атыраулық азамат әлеуметтік желідегі жазбасы үшін сотталды
Фото: androidinsider.ru

Атырауда 22 жастағы азамат Instagram желісінде жариялаған аудио-видеоматериалдары үшін сотталды. Бұл туралы polisnews.kz хабарлайды.

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 жастағы тұрғын Instagram желісіндегі парақшасында теолог Ибн әл-Жаузи идеясын насихаттайтын аудио және видеоматериал жариялаған. Діни сараптаманың қорытындысына сәйкес, жарияланған жазбалардың мазмұны Қазақстанда қолдануға және таратуға тыйым салынған.

Жазба авторы ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекснің 453-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылды. Сот шешімі бойынша оған 20 АЕК көлемінде (55 560 теңге) айыппұл салынып, әлеуметтік желідегі парақшасы жабылған.

Жақында Атырауда әкімшілік кодекстің осы бабы бойынша тағы төрт азамат жауапқа тартылған.

Серіктес жаңалықтары