22.10.2020, 14:12
Оқиғалар
БҚО-да жанармай бекетін тонаған ер адам 12 жылға сотталуы мүмкін
Оқиға 18 қазанға қараған түні Ақсай қаласында болған
Бөрлі аудандық полиция бөлімінің бастығы Дәурен Өтеғұлов «Мой город» порталына берген жауабында Ақсай қаласының 23 жастағы тұрғыны жанармай құю бекетін ашық тонап, 70 мыңнан астам теңгені иемденгенін айтты.
«Екі күннен кейін күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы (қарақшылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ол істеген қылмысы үшін 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деді Дәурен Өтеғұлов.
Ер адам қарақшылық шабуыл кезінде пышақпен қорқытқан. Зардап шеккендер жоқ.
Көп оқылған
08.10.2026, 11:18
Қазақстанда ауқатты отбасылардың 10 түрлі жәрдемақысы қысқарады: Үкімет қаулыны жариялады
08.10.2026, 09:00
Екі аптада не өзгерді: Каспийдегі трагедиядан кейін кімдер жұмысынан қуылды, кімдер қамалды
08.10.2026, 11:11
«Ауыр ыдыс-аяқты тегенемен жалғыз тасытқан»: Шымкентте 13 жастағы бала көз жұмған тойхана әкімшілігі пікірлерді неге өшіріп жатыр
08.10.2026, 21:27
«Қазақстанда, үйінде отыр»: Непалдағы жойқын тасқын кезінде із-түссіз жоғалған бойжеткеннің біреуі аман-есен табылған