Елордалық полиция 80 адам жиналған үйлену тойының үстінен түсті
BIBIGUL мейрамханасында дүркіреп той өтіп жатқан
Нұр-Сұлтан қаласы Полиция департаментінің өкілдері карантин режиміне қарамастан түрлі отбасылық шаралар, той-томалақ өткізетін тұрғындардың азаймай отырғанын айтты. Есіл аудандық ПБ қызметкерлері өткізген кезекті рейд барысында Нұр-Сұлтан қаласындағы мейрамханалардың бірінде дүркіреп той өтіп жатқан. Полиция 80 адамның қатысуымен BIBIGUL мейрамханасында өтіп жатқан үйлену тойын тарқатуға мәжбүр болды.
«Мейрамхана иесі мен іс-шараны ұйымдастырушылар карантиндік шектеулерді елеместен халықтың денсаулығына қауіп төндіретін қадамға барды. Мейрамхана мен той иелеріне әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін жиналған материал әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін (ӘҚБтК-нің 425-бабы) тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді», - делінген хабарламада.
Мобильдік топ соңғы бір тәулікте 246 кәсіпкерлік нысанды аралап, карантин режимін бұзған 35 фактіні анықтады.