21.10.2020, 12:14
Оқиғалар
Атырау тұрғыны туған бауырын пышақтап өлтірді
Куәгерлердің айтуынша, інісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған
Көрнекі фото: ашық дереккөзден
19 қазанда Атырау қаласы әкімдігіне қарасты Ақжар ауылының тұрғыны отбасылық жанжал кезінде туған бауырын өлтірген. Бұл туралы azh.kz хабарлайды.
Куәгерлердің айтуынша, ағайындылар арасындағы жанжал жеке үйлердің бірінің ауласында болған. 29 жастағы ағасы 24 жастағы інісіне бірнеше рет пышақ жарақатын салып, нәтижесінде бауыры оқиға орнында көз жұмған.
Редакцияның хабарлауынша, інісін өлтірген күдікті қамауға алынған. Мәселенің мән-жайына қатысты Атырау облысы Полиция департаменті қосымша хабарлайды.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді