21.10.2020, 11:26
Оқиғалар
Елордаға анықтамасыз ұшып келген ресейлік азамат депортацияланды
Өткен түні Қазақстанға халықаралық рейстермен 871 жолаушы келген
Көрнекі фото: ашық дереккөзден
21 қазанға қараған түні Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау қалаларына шет елдерден 11 халықаралық рейспен 871 жолаушы ұшып келген. Қала әуежайларына қонған 679 жолаушыда тиісті анықтама болса, 192 жолаушыда ол болмаған.
- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына 6 рейспен 513 жолаушы келген (355 жолаушыда анықтама болса, 158-інде жоқ).
- Алматы қаласының әуежайына 4 рейспен 276 жолаушы келген (242 жолаушыда анықтама болса, 34-інде жоқ).
- Ақтау қаласының әуежайына 1 рейспен 82 жолаушы келген және олардың барлығында тиісті анықтама болған.
Қазақстанға қажетті анықтамасыз келген жолаушылардың бәрі ПТР-тест тапсыру үшін Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы карантиндік стационарларға жеткізілген. Сондай-ақ елордаға ұшып келген ресейлік азамат депортацияланды.
Көп оқылған
13.10.2026, 10:37
Зорлап, видеоға түсірген: Түркістанда ер адам қарындасын 12 адаммен қатынасқа түсуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)
13.10.2026, 16:34
«Көтере алмайтын қайғы»: Каспийдегі трагедиядан аман қалған сарбаздың анасы қаралы күн жайлы айтты (ВИДЕО)
13.10.2026, 10:49
Ақтөбеде ер адам аулада отырған әйелдің арқасына пышақ сұғып, өлтіріп кетті (ВИДЕО)
13.10.2026, 14:50
Түркістан облысында ауыл тұрғындары 14 сарбаздың рухына арнап ас беріп, Құран оқыды (ВИДЕО)
13.10.2026, 13:58
Әнші Роза Рымбаеваның марқұм күйеуінің естелік суреті жарияланды