$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.09.2020, 13:23
Оқиғалар

Күдебаев ісіне қатысты халықаралық тергеу тоқтап тұр

2019 жылдың 28 тамызында Нұрсұлтан Күдебаев Германиядағы ауруханада қаза тапты

Күдебаев ісіне қатысты халықаралық тергеу тоқтап тұр
Суретте: Нұрсұлтан Күдебаев, ВКонтакте желісінен

Қазіргі Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың 29 жастағы ұлы бір жыл бұрын қаза тапты. Марқұм Нұрсұлтан Күдебаев квадроциклден құлап жарақат алған соң, оған Алматы қаласындағы 4 ауруханада операция жасалған еді. Операциядан кейін комаға түскен Нұрсұлтан Күдебаевтың өмірін сақтап қалу үшін оны Германияға жеткізген еді. Алайда, дәрігерлер оны аман алып қала алмады.  

Қоғамда резонанс туғызған Күдебаев ісіне қатысты тергеу Экономикалық қылмыстар жөніндегі комитетке берілген болатын. Бүгін брифинг өткізген ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің төрағасы Жанат Элиманов Серік Күдебаевтың ұлының өлімінен қатысты тергеу тоқтап тұрғанын хабарлады.

«Менің білуімше, Халықаралық тергеудің тапсырмасына байланысты тергеу мерзімі тоқтап тұр», - деп қысқаша жауап берді ол.

Еске сала кетейік, 2019 жылдың жазында Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрлан Күдебаев қайтыс болды. Квадроциклден құлаған марқұм ол апаттан аман қалып, ауруханаға өз аяғымен келсе де, Алматыдағы 4 қалалық ауруханада жасалған операциядан кейін оянбай, ақыры Германияда көз жұмды.

Оның комаға түсіп, есін жимастан өмірден озғанына күдікті ретінде аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаев тұтқындалды. Уақытша қамау изоляторының қызметкерлері сот үкімі шықпай жатып дәрігерлердің шашын алып тастаған. Қанат Тезекбаевтың әйелі Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашых хат жазған соң, екі дәрігер тергеу аяқталғанша, қолхатпен үйлеріне шықты.

Ал Ішкі істер министрінің арнайы бұйрығымен «уақытша қамау изоляторына түскен азаматтардың шашын алу» жөніндегі санитариялық норма жойылды.

2020 жылдың қаңтарында марқұм Нұрсұлтан Күдебаевтың әкесі Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтарында Алматы қалалық Полиция департаменті басшысы лауазымынан Алматы облысы Полиция департаментінің басшысы қызметіне ауысты.

Серіктес жаңалықтары