26 қазан күні ауа райы қандай болады
Дүйсенбіде ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі
«Қазгидромет» синоптиктері 2026 жылдың 26 қазанына арналған ауа райының жалпы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Дүйсенбіде ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Десе де, солтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық өңірлерде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болуы ықтимал.
Қазақстанның басым бөлігінде тұман түседі. Батыс, оңтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жел күшейіп, батыс пен оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Жетісу, Жамбыл және Алматы облыстарында, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, сондай-ақ Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында түнде -2…-11°C-қа дейін үсік жүреді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Қостанай, Жетісу, Алматы және Түркістан облыстарының бірқатар ауданында жоғары өрт қаупі сақталады. Ал Қызылорда мен Атырау облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау, Ұлытау және Жетісу облыстарының кей өңірінде төтенше өрт қаупі болжанып отыр.
Синоптиктер мен құтқарушылар тұрғындарды жолдардағы көктайғақ пен түнгі үсікке байланысты сақтық шараларын сақтауға шақырады.