Бүгін, 14:39
Жаңалықтар
Үлкен Алматы шыңында қалып қойған екі турист құтқарылды
Құтқарушылар жоғалған екі жас жігітті 3681 метр биіктіктен аман-есен тапты
Фото: ТЖМ
Үлкен Алматы шыңының маңында, теңіз деңгейінен 3681 метр биіктікте таудан өздігінен түсе алмай қалған екі жас жігітке ТЖМ құтқарушылары көмекке келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Таулы жерге көтерілген туристер жолды таба алмай, адасқан соң шұғыл көмек шақырған.
Оқиға орнына ТЖМ «Барыс» Республикалық құтқару қызметінің құрамы дереу жіберілді.
Құтқарушылар жоғалған екі жас жігітті 3681 метр биіктіктен аман-есен тапты. Мамандар туристерді қауіпсіз бағытпен шекара бекетіне дейін түсірді. Жігіттердің бірі оң жақ шынтағын соғып алған. Алайда екеуі де ауруханаға жатудан бас тартып, дәрігерлік көмекті қажет етпеген.
Көп оқылған
24.10.2026, 08:31
Петропавлда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, басқа көліктің астына түсті
24.10.2026, 12:31
Астанада автобус жүргізушісіне тап берген азамат ұсталды (ВИДЕО)
24.10.2026, 14:42
Алматы облысында жеңіл көлік дүкен ішіне басып кірді (ВИДЕО)
24.10.2026, 06:24
Атыраудағы НЗМ мұғалімі оқушымен хат алмасқаны үшін жұмыстан шығарылды
24.10.2026, 11:02
Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды