Бүгін, 15:38
Жаңалықтар
Ақмола облысында жер үйден шыққан өрт сөндірілді
Өрт 25 шаршы метр аумақты шарпыған
Фото: ТЖД
Ақмола облысы Астрахан ауданы Старый Колутон ауылында жер үйдің верандасы өртеніп, құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнына ТЖД бөлімшелері мен жергілікті «Ауыл құтқарушылары» құрамасы шұғыл жетіп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеді.
Өрт ғимараттың кіреберіс бөлмесінен шыққан. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында жалын қысқа мерзім ішінде толық өшірілді.
Өрт 25 шаршы метр аумақты шарпыған. Оқиға салдарынан зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке электр сымдарын монтаждау және орнату кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы себеп болған.
Көп оқылған
24.10.2026, 08:31
Петропавлда қыз жүріп келе жатқан көліктен секіріп кетіп, басқа көліктің астына түсті
24.10.2026, 12:31
Астанада автобус жүргізушісіне тап берген азамат ұсталды (ВИДЕО)
24.10.2026, 14:42
Алматы облысында жеңіл көлік дүкен ішіне басып кірді (ВИДЕО)
24.10.2026, 06:24
Атыраудағы НЗМ мұғалімі оқушымен хат алмасқаны үшін жұмыстан шығарылды
24.10.2026, 11:02
Астанада 74 адам жүргізуші куәлігін заңсыз алған
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды