Алматыда бойжеткенді бес ай бойы мәжбүрлеп жезөкше қылған

Кәмелет жасына толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген күдіктілер ұсталды

Алматыда бойжеткенді бес ай бойы мәжбүрлеп жезөкше қылған
Фото: ашық дереккөзден

Алматыда бойжеткен қызды алдау арқылы бес ай бойы жезөкшелікке салған. Бұл туралы Криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев мәлімдеді.  

«Күдіктілер 16 жастағы қыздың мәліметтерін интернеттегі интимдік қызмет көрсетуге арналған жарнамалар арасына орналастырған. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабының 1-бөлігі, яғни «Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікке тарту» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді брифингте ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы Думан Таев.

Сонымен қатар, мұндай жағдай Қызылорда облысында да тіркелген. 

«Қызылорда облысында полиция қызметкерлері бір апта бойына қаладағы пәтерлердің бірінде 55 жастағы әйелді заңсыз ұстап, оны ұрып-соғып, жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген екі ер адамды анықтап, ұстады. Қылмыстық кодекстің 126-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағымен, яғни «Қанау мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», - дейді ол.

Жыныстық зорлық-зомбылықтың барлық құрбандарына қажетті көмек көрсетіледі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.