$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.09.2019, 18:19
Қоғам

«Алты күнде өмірі тозаққа айналды». Дәрігер Қанат Тезекбаевтың жұбайы мәлімдеме жасады

Дина Тезекбаева өзінің өтінішін жерде қалдырмай, №4 қалалық аурухананың экс-басшысын қолхатпен бостандыққа шығарған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты 

Дина Тезекбаеваның сөзінше, оның күйеуі 3-қыркүйек күні қызметтен босатылып, 20-сы күні қалалық экономикалық тергеу департаментіне жауап беру үшін шақырылған. Ал арада екі күн өткенде мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен қамауға алынған.       

Сот Қанат Тезекбаевты кепіл арқылы қолхатпен босату туралы өтінішті қабылдамаған. Бүгін аталған шулы оқиғаға қатысты баспасөз маслихатын өткізген Дина Тезекбаева, артта қалған алты күннің тозаққа пара-пар болғанын айтты.           

                                                

«Ең қорқыныштысы оның шашын қырып тастаған. Түсінесіздер ме, соттың соңғы шешімінсіз, сот болмай жатып оны кінәлі қылып қойған. Ол 58 жаста. Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері. Көптеген марапаттары бар. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтан алған алғыс хаты да бар. Және ол кінәлі болмаса да осындай жағдайға тап болды. Оның кінәсі дәлелденбеген. Бірақ соған қарамастан жодасым  осындай қорқынышты жағдайда шығып отыр», - деді  Дина Тезекбаева

Еске салайық, Алматы қалалық Полиция департаментінің басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаев қайтыс болғаннан кейін №4 аурухананың бас дәрігері мен анестезиологы қамауға алынған болатын. Алайда, бұл жаңалық қоғамда дау туғызып, 25 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі істің әділ тергелуін тапсырған еді. Тек осыдан кейін ғана бас дәрігер Қанат Тезекбаев пен анестезиолог Асқар Тұңғышбаев қамаудан босатылды.

Әмірболат Құсайынұлы, Алматы 

Серіктес жаңалықтары