$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.09.2019, 09:48
Қоғам

Мемлекеттік бюджеттің 28%-ы әлеуметтік салаға жұмсалған

Атаулы көмекті алатындардың ең көбі Түркістан облысында - 498,7 мың адам

Мемлекеттік бюджеттің 28%-ы әлеуметтік салаға жұмсалған
maiak.by

Биыл Ұлттық қор шығындарымен қатар мемлекеттік бюджеттің де шығыстары айтарлықтай өскен. 2019 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында мемлекеттік бюджеттен 8,4 трлн теңге жұмсалған, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 7,1 трлн теңгені құраған еді. Бұл туралы ranking.kz хабарлайды.

Қаражаттың басым бөлігі әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру бойынша бөлінген: бұл жалпы шығындар көлемінің 27,3% құрайды (өткен жылы 25,1% болған). Ал, білім саласына 1,5 трлн тг, денсаулық сақтау саласына 787,4 млрд тг бөлінген.

Мемлекеттік бюджет шығындарының айтарлықтай артуына әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыруға бөлінген қаржының өсуімен байланысты. Қаңтар-тамыз айларында әлеуметтік көмек бойынша 2,3 трлн тг бөлінген, бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 28% жоғары. 

15 тамыздағы көрсеткіш бойынша, атаулы әлеуметтік көмек алған қазақстандықтардың саны 1,8 млн болған. Атаулы көмекті алатындардың ең көбі Түркістан облысында (498,7 мың адам), сосын Алматы облысында (225,4 мың адам) және Шымкентте (216,3 мың). Олардың 42% қалалықтар, ал 58% ауыл тұрғындары.

Серіктес жаңалықтары