$ 518.31  567.96  6.03
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.09.2020, 12:22
Оқиғалар

Жаңаөзен дәрігерлері көшеден табылған сәбидің қазіргі жағдайын айтты

Полиция өкілдері жаңа туған нәрестенің анасын әлі таппады

Жаңаөзен дәрігерлері көшеден табылған сәбидің қазіргі жағдайын айтты
Фото: lada.kz

13 қыркүйекте Жаңаөзен қаласы «Рахат» шағынауданындағы көшелердің бірінен жаңа туған нәресте табылғаны хабарланды. Дәрігерлердің айтуынша, көшеден табылған сәбидің қазіргі жағдайы тұрақты ауыр деңгейде. Сараптама нәтижесі баланың миына қан құйылу және басқа да жарақаттар алғанын көрсеткен. Бұл туралы Жаңаөзендегі көпсалалы аурухана директоры Жаңабай Унайбаев айтты.

«Тексеру нәтижесінде баланың миына қан құйылғаны және бас сүйегінің зақымданғаны анықталды. Біз жаңа туған сәбидің қалай жарақат алғанын нақты айта алмаймыз. Өйткені, анасы оны қашан және қандай жағдайда дүниеге әкелгенін білмейміз. Қазір бала қажетті терапия алып, түтік арқылы тамақтандырылып жатыр», - дейді Жаңабай Унайбаев.

Сондай-ақ дәрігерлер көшеден табылған сәбиге есім берген – Бақыт Рахат. Оның тегі табылған жері – «Рахат» шағынауданына қатысты берілген. Полиция өкілдері жаңа туған нәрестенің анасын әлі тапқан жоқ.

Серіктес жаңалықтары