Бұрынғы СІМ жауапты хатшысы мен Өзбекстандағы елшіге қатысты сот үкімі шықты
Сотталушылардың бәрі өмір бойынша мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды

Нұр-Сұлтан қаласы №2 Байқоныр аудынының сотында бұрынғы ҚР Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы А.Б.Қарашев және өзге де тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Қарашев (Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы ретінде бұрын қызмет атқарған) елшілік ғимаратының құрылысы үшін және қосылған құн салығына бөлінген ақшалай қаражаттарды жымқырғаны үшін айыпталды. Сондай-ақ, ол кәсіпкерлерден пара алғаны, ақшалай қаражатты заңдастырғаны үшін айыпталды.
Прокурор сот талқылауы барысында Қарашевтың пара алу мен қаражатты заңдастырудағы айыптан бас тартып, айыптың жаңа тұжырымдамасын ұсынды. Прокурордың мұндай шешімі сот үшін міндетті болып табылады.
Сот Қарашевтың іс-әрекетін лауазымдық өкілеттілікті теріс пайдалану деп саралады.
- Утембаев (Өзбекстандағы бұрынғы елші) Қарашевқа қылмыстық құқықбұзушылыққа көмектескені үшін айыпталды.
- Сакенова (СІМ Басқармасы шаруашылығының бұрынғы директоры) кәсіпкерлерден пара алғаны үшін айыпталды.
- Нурекенов, Джумасановаға (Басқарманың бұрынғы қызметкерлері) келесідей айып тағылды: біріншісі – өкілеттілікті теріс пайдалануға және және пара алуға көмектескен, екіншісі – пара алуға көмектескен.
- ЖШС басшысы Кутдусов пара бергені үшін айыпталды.
Барлық сотталушыларға айыптау үкімі жарияланды.
«Сот Қарашев, Утембаев және Нурекеновтің алғаш рет жауапқа тартылып отырғанын, кәмелетке толмаған балаларының болуын есепке алды. Сакенова, Джумасанова және Кутдусов жасаған іс-әрекеттеріне өкінді, айыбын мойындап, жан-жақты мойындау түсініктерін берген, Сакенованың баласы бар. Қарашев – 55 жаста, Утембаев – 54 жаста», - делінген қалалық соттың ресми сайтында.
Қарашев және Утембаевқа 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы (бап санкциясы 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыруды қарастырады) тағайындалды. Нурекеновке - 5 жыл, Сакенова, Джумасановаға 2 жыл бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Кутдусовқа айыппұл түріндегі жаза тағайындалды.
Сотталушылардың бәрі өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.