$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.09.2020, 13:52
Оқиғалар

Алматы облысында сот залынан шыға салып тағы ұрлық жасаған күдікті ұсталды

Бұған дейін 3 рет бөтеннің мүлкін ұрлаған азамат сот үкімі шыққаннан кейін тағы да 4 рет ұрлық жасаған

Алматы облысында сот залынан шыға салып тағы ұрлық жасаған күдікті ұсталды
Фото: polisia.kz

2 қыркүйекте Алматы облысы Қарабұлақ ауылының екі тұрғыны үйлерінде ұры түскені жайында Ескелді аудандық полиция бөліміне арызданған. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Полиция басшылығы ұрланған мүлікті тауып, кінәлі азаматты ұстауды учаскелік инспектор, полиция лейтенанты Гаан Евгениге тапсырған.

«Жас полицей шұғыл түрде қажетті ақпаратты жинап, бір тәулік ішінде барлық төрт ұрлық дерегін ашты. Күдікті - 47 жастағы жергілікті тұрғын және жәбірленушілердің жақын туысы болып шыққан. Сондай-ақ күдіктіге қатысты осыдан 14 күн бұрын үш рет бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін Ескелді аудандық сотының үкімі шыққаны белгілі болды. Сот оған екі жылға бас бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Алайда, ол сот залынан шыққан соң тағы да ұрлық жасаған», - деп хабарлайды.

Күдікті ұсынылған дәлелдерден кейін төрт ұрлық дерегіне қатысы барын толығымен мойындаған және ұрланған мүлікті қайда және кімге сатқанын айтқан.

Серіктес жаңалықтары