Елордадан Алматыға ұшқан әуе кемесінде маска тағудан бас тартқан Украина азаматына айыппұл салынды
Украниналық жолаушы 30 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жазаға тартылды
Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов жолаушылардан маска режимін және әуежайда тіркелу және әуе кемесіне отыру кезінде әлеуметтік қашықтықты сақтауды сұрады. Сондай-ақ осы талаптарды орындамаған жолаушыларға айыппұл салынатынын ескертті.
Жақында Air Astana компаниясының өкілі Нұр-Сұлтан – Алматы бағытында орындалған рейс кезінде Украина азаматының әуе кемесінің бортында маска тағудан бас тартқанын айтып, шағымданған. Көлік департаментінің санитар дәрігерлері талапты орындамаған Украина азаматына қатысты 30 АЕК көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданды.
Көліктегі бас мемлекеттік санитар арнайы мониторинг тобының жолаушылардың маска режимін және әлеуметтік қашықтықты сақтауын қамтамасыз ету мақсатында әуежайларда және әуе кемесінің бортында үнемі рейд жүргізетінін атап өтті.