$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.09.2020, 10:56
Оқиғалар

СҚО-да ауыл тұрғындарынан заңсыз қару мен қарасора тәркіленді

Ұсталғандар мылтықты жуырда тауып алғанын және оны қажет болып қалар деген оймен сақтағанын айтқан

СҚО-да ауыл тұрғындарынан заңсыз қару мен қарасора тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкелі-балалы екі тұрғынынан кептірілген бір келіге жуық қарасора мен заңсыз атыс қаруы тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

СҚО Полиция департаменінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлеріне орманда жұмыс істеп жатқан Қызылжар ауданының 26 жастағы тұрғынында тіркелмеген атыс қаруы болуы мүмкін деген ақпарат келіп түскен. Мәліметті тексеру кезінде аталған хабарлама расталды: күзетшілерден үй-жайында тіркелмеген тегіс ұңғылы екі шүріппелі мылтық анықталып, тәркіленді.

«Бұдан бөлек, сол жұмысшы жасырып қойған салмағы 0,7 келі кептірілген қарасора табылған. Дәл сол күні Новоникольское ауылында  аталған жұмысшының 51 жастағы әкесі тұратын үйдің қоймасына полицейлер «ТОЗ-8» маркалы тіркелмеген ойықты шолақ мылтықты анықтады. Ұсталғандар бұрын сотталмаған, жауап алу кезінде олар мылтықты жуырда тауып алғанын және оны қажет болып қалар деген оймен сақтағанын жеткізген», - делінген полиция таратқан хабарламада.

Аталған факт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Алынған заттар сот-баллистикалық және сот-химиялық сараптамасына жіберілген. Ауыл тұрғындарына қатысты келуге міндеттелу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Қажетті тергеу және процессуалдық әрекеттер жүргізілуде. 

Эльмира Мәмбетқызы, СҚО

Серіктес жаңалықтары