24.08.2020, 04:05
Оқиғалар
Сырдария өзенінен екі жасөспірім құтқарылды
13 және 14 жастағы екі бала өзен ортасындағы аралда қалып қойған
Фото: баспасөз қызметінен
Сырдария өзенін ортасындағы аралда қалып қойған екі жасөспірім құтқарылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
«Оқиға 23 тамызда тіркелді. Қызылорда қаласындағы «Сыр Ана» монументі тұсында дария ортасындағы аралда 13 және 14 жастағы екі бала қалып қойған. Оқиға орнына 5 құтқарушы 1 техника және 1 үрлемелі қайықпен жетті. Оларды бір шақырымдай жердегі Сұлтан Бейбарыс көшесі бойындағы көпір маңына алып шығып, полиция және жедел жәрдем қызметі мамандарына табыс етті», - делінген ақпаратта.
Көп оқылған
12.11.2026, 10:29
Ақтауда мектеп директорының әйелі тазалықшының шелегін теуіп жіберген: оның ісі сотқа жетті (ВИДЕО)
12.11.2026, 20:36
«Аспаннан түскен ақша»: оңай олжаға қызыққан астаналық әйел жауапқа тартылуы мүмкін
12.11.2026, 12:09
Шұғыл: ҰҚК Астанада «Самұрық-Қазына» мен «Қазақстан темір жолы» басшыларын қолға түсірді