24.08.2020, 09:40
Оқиғалар
Бангладеште су тасқынынан миллиондаған адам зардап шекті
Екі миллионға жуық тұрғын гуманитарлық көмекке мұқтаж
Бангладеште муссон жаңбыры алапат су тасқынына себеп болды. Елдің үштен бірі су астында қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Миллиондаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, табиғи апаттан кем дегенде, 160 адам қайтыс болды. Тұрғын үйлерді су басып, ауыл шаруашылығы жерлері жойылды.
Синоптиктердің болжамынша, нөсер жаңбыр жақын арада тоқтайды.
Екі миллионға жуық тұрғын гуманитарлық көмекке мұқтаж.
Көп оқылған
24.11.2026, 14:08
«Жалғыз перзентімен бірге кетті»: Ақтөбе облысында атақты дәрігер мен баласы бір күнде ажал құшқан
25.11.2026, 01:27
Алматыдағы оқиға: Атакенттегі атыс тұрғындардың зәресін ұшырды (ВИДЕО)
24.11.2026, 20:36
Ертістегі қайғылы оқиға: Шығыс Қазақстанда үш балықшы жұқа мұз астына түсіп, қаза тапты
