Қарағанды облысында қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар ұсталды
Кіру жарнасы 180 мың теңге болған
30 шілдеде Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері қаржы (инвестициялық) пирамидасын ұйымдастыру фактісін анықтады.
Қылмыстық схема азаматтардың тұтыну кооперативінің активтерді қайта бөлу арқылы жеке тұлғалардан ақша тарту және кейбір қатысушыларды басқалардың жарнасы есебінен байытуды қарастырады (кіру жарнасы - 180 мың теңге).
Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 217 бабының 1-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Қылмыстық кодексінің 217 бабының 1-бөліміне толығырақ тоқталсақ, қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құру, яғни тартылған қаражатты қабылданған мiндеттемелердi қамтамасыз ететiн кәсiпкерлiк қызметке пайдаланбай, жеке және (немесе) заңды тұлғалардың ақшасын немесе өзге мүлкiн не оған құқығын қайта бөлу және бiр қатысушыларды басқалардың жарналары есебiнен байыту арқылы осы активтердi тартудан табыс алу (мүлiктiк пайда табу) жөнiндегi қызметті ұйымдастыру, сол сияқты қаржылық (инвестициялық) пирамидаға немесе оның құрылымдық бөлімшесіне басшылық ету.