24.08.2020, 09:55
Оқиғалар
Калифорния ормандары қызыл отқа оранды
Өрт салдарынан 6 адам қаза тапты
АҚШ-тың Калифорния штаты тағы өртенді. Орман өрттерінің салдарынан 6 адам, оның ішінде екі құтқарушы қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Елуге жуық тұрғын әртүрлі деңгейлі дене жарақатын алған. 700 үй ішінара немесе толығымен жойылды. Шамамен, төрт жүз мың гектар өртеніп кетті.
Қазір жалын Сан-Францискоға қарай жылжып барады. Штат билігі 120 мыңға жуық тұрғынды эвакуациялауға бұйрық берді.
Айта кетейік, 14 мың адамның отпен күресіп жатқанына қарамастан, оны толық сөндіру мүмкін болмады. Штат губернаторы басқа аймақтардан, тіпті, өзге мемлекеттерден көмек сұрады. Президент Дональд Трамп Калифорния билігіне федералды көмек көрсетуге бұйрық берді.
Көп оқылған
17.09.2026, 09:49
«Халықтың алдында қорлады»: Нұрсұлтан Жақсыгеннің экс-жұбайы сот үкімінен кейін қазақ еліне алғыс айтты
17.09.2026, 20:09
«Кісі өлтіріп, қыз зорлаған жоқ»: Қайрат Нұртастың анасы сотталып кеткен Нұрсұлтан Жақсыгенге араша түсті
18.09.2026, 00:43
Әйелін балаларының көзінше қан-жоса етіп ұрған: Шымкентте ер адамның үстінен іс қозғалды (ВИДЕО)
17.09.2026, 21:25
Баян Алагөзованың қызы өгей әкесіне сирек кездесетін қымбат автокөлікті сыйға тартты ма (ВИДЕО)