ШұғылӨткен тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Рудныйда 10 автобус жанып кетті

Өрт салдарынан тағы 2 автобус бүлінген

Рудныйда 10 жолаушылар автобусы жанып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«24 тамыз күні сағат 04.19-да Рудный қаласы 2-МӨСБ байланыс пунктіне «Рудный Автотранс» ЖШС аумағындағы өрт туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген соң, ашық аумақта жолаушылар автобустары жанып жатқаны анықталды. Жағдайға байланысты жақын тұрған автобустарды эвакуациялау туралы шешім қабылданды», - делінген хабарламада. 

2-МӨСБ және объект өкілдерінің күшімен қауіпсіз қашықтыққа 12 автобус шығарылды. Өрт 05:02-де ауыздықталып, 05:10-да сөндірілді. 

«Өрт салдарынан 10 автобус жойылып, 2 автобус бүлінген. Өртті сөндіруге Рудный қаласының 2-ӨСБ 2 бірлік техникасы және ССКӨБ АҚ мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің 2 бірлік техникасы, жеке құрамның 18 адамы жұмылдырылды. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп хабарлады баспасөз қызметі.