ШұғылШымкентте 75 жастағы әйел коронавирустан көз жұмды

Ақтөбеде Тәжікстан азаматының неден көз жұмғаны айтылды

5 қараша күні сағат 06:40-та автобус ішінен Тәжікстан азаматының денесі табылған 

«Самара – Шымкент» тасжолында қалып қойған автобус жолаушысының жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды 24.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап. 

«5 қараша күні сағат 06:40-та автобус ішінен Тәжікстан азаматының денесі табылды. Ол Ресейден Тәжікстанға бағыт алған автобуста болған. Денесі Хромтау аудандық ауруханасына жеткізіліп, сараптама жүргізілді. Нәтижесінде жолаушының жүректің ишемиялық ауруынан жан тапсырғаны белгілі болды. Денесінде зорлық-зомбылық белгісі мен үсік шалу жоқ», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тағы екі Тәжікстан азаматы денсаулығына шағымданған. Оларға медициналық көмек көрсетілді.

Ақтөбеде қар құрсауында қалған көлікте бір адам қайтыс болғаны туралы хабарланған болатын.

 

Сұхбат