Алматы облысында мектеп оқушысын зорлаған күдікті ұсталды

Жарияланған:
05.11.2019, 22:26

Тергеушілердің айтуынша, ер адам мас күйінде қызды үйіне алдап әкетіп, сол жерде қорлаған

4 қарашада Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны құқық қорғау органдарына жас қызының зорланғаны туралы арыз жазған. Күдікті ретінде отбасының бұған дейін сотталған көршісі тұтқынға алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстық полиция департаментінің Facebook-тегі ресми парақшасында пайда болған хабарламада қыздың 13 жаста екені айтылады.

Арыз жазған әйелдің сөзінше, қызына отбасы тұратын саяжай кооперативінің келесі көшесінде тұратын көршісі қиянат жасаған.

Полиция күдіктіні ұстады. Ол бұрын ұрлық жасап, адам жарақаттағаны үшін сотты болған 34 жастағы ер адам болып шықты.

Тергеушілердің айтуынша, ер адам мас күйінде қызды үйіне алдап әкетіп, сол жерде қорлаған.

Қазір ол тергеу изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.

Біздің ең маңызды және қызықты жаңалықтарды біздің Telegram-каналдан оқыңыз
Өзге де қызықты мақалалар
Иракта жойқын жарылыс болды
Қару асынып, видеоға түскен жігіттің кім екені анықталды
Меркі ауданының бас дәрігері пара алғаны үшін сотталды

Сұхбат
Ресейде 800-900 мың қазақ өмір сүріп жатыр деген мәлімет бар, кей дереккөзде 1,5 миллион деп жазылған
«Абайдың 45 сұрағына» Арыстанбек Мұхамедиұлы жауап берді 
Абайдың 45 сұрағына алғаш болып жауап берген - Мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов
Бүгінде Кореяда жұмыс істеп жатқан қазақтардың саны артып келеді. Күнкөріс қамымен шетел асып барғандардың көпшілігі визасыз жұмыс істеп жүр.