$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.11.2019, 13:57
Оқиғалар

Денсаулық сақтау басқармасы кішкентай науқасқа дөрекілік көрсеткен дәрігерге қатысты пікір білдірді

«Мұндай медициналық қызметкерлер біздің қатарымызда болуға лайықты емес» деп атап өтті басқарма өкілдері

Денсаулық сақтау басқармасы кішкентай науқасқа дөрекілік көрсеткен дәрігерге қатысты пікір білдірді
Кадр видеодан алынды

Маңғыстау облысындағы Денсаулық сақтау басқармасы Ақтауда тісін емдету үшін дәрігерге барып, таяқ жеп қайтқан кішкентай баланың оқиғасы жайлы пікір білдірді. Бұл туралы Azattyq Rýhy  Tengrinews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Басқарма ақпаратына сүйенсек, оқиға оқушылар демалысқа шыққан кезде орын алған. Демалыс уақыты болғандықтан, осы аралықта тісін емдеткісі келетін балалардың саны күрт артқан. 

«Бала үш рет кірді. Дәрігер екі баласымен келген әйелге көмектесу үшін ұлды қабылдады. Маңғыстау облысының медициналық қоғамы әріптес-дәрігердің іс-әрекетін қолдамайды. Мұндай медициналық қызметкерлер біздің қатарымызда болуға лайықты емес», – деді Маңғыстау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіндегілер. 

Факт бойынша қызметтік тексеру жұмыстары басталып кетті. 

«Осы оқиғадан кейін келешекте мұндай оқиғалар орын алмауы үшін өңірдегі медициналық мекемелердің үздік жетекшілерімен кеңес өткіземіз», – деп хабарлады басқарма қызметкерлері. 

Дәрігер облыстық тіс емдейтін ауруханада екі жылдан аса жұмыс істейді.

«Ол Марат Оспанов атындағы медициналық университетті қызылға бітірген. Жұмысына ешкім наразылық білдірмепті. Өте сауатты және болашағынан үміт күттіретін дәрігер. Кейде ашушаң және дөрекі болады», – деп түйіндеді басқармадағылар. 

Естеріңізге сала кетейік, желіде тісін емдетуге келген кішкентай баланы жұлқылаған дәрігердің видеосы пайда болған еді. Артынша дәрігер баланың анасынан және қазақстандықтардан кешірім сұрап, өз видеоүндеуін жария еткен болатын.

 

Серіктес жаңалықтары