Көкшетауда тағы бір әйел тротуарда келе жатқан анасы мен баласын көлігімен басып кетті (ВИДЕО)

Жол апаты кеше болған

Көкшетауда тағы бір әйел тротуарда келе жатқан анасы мен баласын көлігімен басып кетті (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Кеше, 19 мамыр күні Көкшетау қаласында тағы бір жүргізуші тротуарда келе жатқан әйел мен баласын басып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция рульде әйел адам болғанын хабарлады. Абырой болғанда бала жеңіл жараланып, ауруханаға түспеген. Полиция әйелді қандай бап бойынша жазалағаны белгісіз.

Әлеуметтік желіде оқиғаның видеосы таралғаннан кейін полиция осы оқиғаға қатысты комментарий берді.

«Жол апаты 19 мамыр күні болды. Оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция жетіп, оқиғаны тексерді. Анықталғандай, бала мен анасы тротуарда келе жатқанда, жүргізуші оларды басып кеткен. бала жеңіл жараланып, үйіне қайтты, ал ата-анасы жүргізушінің үстінен арыз жазудан бас тартты», - деп хабарлайды Ақмола облысының полиция департаменті.

Полиция жүргізуші әйелді заңға сай жазаға тарттық дейді. Бірақ, оның ісі қандай баппен қаралғаны белгісіз. Естеріңізге сала кетейік, жуырда Көкшетау қаласында жүргізуші куәлігі жоқ әйел адам тұрғын үйдің ауласына кіреберіс жерде бір адамды қағып кеткен еді. Көлік қаққан әйел сол жерде қаза тапты.

Қазір рульде отырған әйел үйқамақта. Жүргізуші куәлігі жоқ әйеліне көлігін берген ер адамның үстінен қылмыстық іс қозғалған.