Қарағанды облысында жеке ғимарат өртеніп, бір жасөспірім қаза тапты
Өрт кезінде тағы екі жасөспірім күйік алып, ауруханаға жеткізілді
Қарағанды облысының Шахтинск қаласында Молодёжная көшесінде орналасқан гараждардың бірінде өрт шығып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстың Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Өрт салдарынан гараж шатырының ағаш торкөздері, пайдаланылған заттар және гараж ішінде тұрған екі мотоциклдің жанғыш бөлшектері өртенген. Жалпы өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады.
«Өртті сөндіру барысында оқиға орнынан 2008 жылы туған жасөспірімнің күйген мәйіті табылды. Сондай-ақ, күйік белгілері бар 2008 және 2009 жылы туған жасөспірімдер жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді», - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Сондай-ақ күйік белгілері бар 2008 және 2009 жылы туған жасөспірімдер жедел жәрдем қызметімен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша облыстық Төтенше жағдайлар департаменті қылмыстық іс тіркеді.
Алдын ала болжам бойынша, гараж ішінде бензин құю кезінде ашық оттың әсерінен жанғыш сұйықтықтың булары тұтанып кеткен.