$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
09.07.2020, 15:43
Оқиғалар

Елордада медициналық құралдар мен препараттарды заңсыз жолмен сатқан 23 адам ұсталды

Қазақстанда медициналық құралдарды заңсыз өткізу фактілерін анықтау бойынша рейд жүріп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері тиісті рұқсатсыз медициналық құралдар мен препараттарды заңсыз өткізген 23 адамды ұстаған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.

Тәркіленген препараттардың жалпы сомасы 9 млн теңгеден астам ақшаны құрайды. Осылайша, жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында Дүкенұлы көшесінің бойында 35 жастағы қала тұрғыны ұсталып, одан жалпы сомасы бір жарым миллионға жуық теңгені құрайтын медициналық қолғаптар, антисептиктер тәркіленген. Сонымен қатар рейд барысында жарты миллионнан астам теңге сомасына медициналық маска сатпақ болған 33 жастағы қала тұрғыны ұсталған.

7 шілде сағат 17:15-те полицейлер екі азаматтың медициналық өнімдерді заңсыз өткізу фактісін анықтаған, олардың автокөлігінің жүксалғышында 180 мың теңге тұратын - 100 литр канистрадағы антисептик, 350 мың теңге тұратын медициналық маска болған.

Еске салайық, 5 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтарымыздың дәріханалардағы аса қажетті дәрі-дәрмектердің негізсіз қымбаттауына байланысты шағымдары орынды екенін айтып, негізсіз қымбаттатқандар жауапқа тартылатынын жеткізген еді.

Серіктес жаңалықтары