Амандық Баталовқа өкпені жасанды желдету аппараты да көмектесе алмаған – ДСМ

Кеше Алматы облысының әкімі демікпемен елордадағы кардиоорталыққа жеткізілді

Амандық Баталовқа өкпені жасанды желдету аппараты да көмектесе алмаған – ДСМ
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиниятқызы Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың Нұр-Сұлтан қаласындағы кардиоорталыққа ауыстырылуына нақты не себеп болғанына жауап берді.

Вице-министрдің айтуынша, елордадағы кардиохирургия орталығы эпидемия кезінде өте ауыр жағдайдағы адамдарды қабылдап жатыр.

«Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы эпидемия кезінде республикалық экстракорпоралды қарқынды оксигенация терапия орталығына айналған. Науқастың (Амандық Баталовтың – авт.) жағдайы нашарлаған соң, осы орталыққа ауыстырылды. Мұндай терапия өкпені жасанды желдету аппараты да көмектеспеген жағдайға қолданылады. Орталық жүрек-қан тамырлары ауруы болғанда, тыныс алуы қатты қиындаған науқастарды қабылдайды», - деп түсіндірді Ажар Ғиниятқызы.

Сондай-ақ облыс басшысын емдеу үшін Нұр-Сұлтандағы орталыққа ауыстырылуының тағы бір себебі – Алматы облысындағы осындай ауыр жағдайдағы науқастарды қабылдайтын ауруханалардың бәрі толып кеткен.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.